|
Article on other languages:
|
Африка
Африка — Жерорта және Қызыл теңіздерінің оңтүстігіне қарай, Атлант мұхитының шығысына және Үнді мұхитының батысына қарай орналасқан континет. Африка көлемі 30 065 000 км², немесе жер аумағының 20,3 %. Африкадағы адам саны шамамен 800 млн. адам.
Жер бедеріКөбінесе жазық дала, солтүстік-батысында Атлас таулары, Сахарада — Ахаггар және Тибести таулары. Шығысында — Абиссин таулары, оның оңтүстігінде — Килиманджаро жанартауы (5895 м) — құрлықтың ең биік нүктесі. Оңтүстігінде Кап және Айдаһар таулары. Ішкі суларыАфрикада оңтүстіктен солтүстікке ағып жатқан әлемдегі ең ұзын Ніл өзені орналасқан. Өзге ірі өзендері — Батыста Нижер, Орталық Африкада Конго және Оңтүстікте орналасқан Замбези, Лимпопо және Қоңыр өзендері. Ең ірі көлі — Виктория. Басқа ірі көлдері — Литосфера жарығында орналасқан Ньяса және Танганьика көлдері. Олар солтүстіктен оңтүстікке созылып жатыр. КлиматыАфрика орталығы экваториалды белдеуге жатады, онда жыл бойына мол жауын-шашын түседі және жыл мезгілдері ауыспайды. Экватор белдеуінен солтүстікке және оңтүстікке қарай солтүстік және оңтүстік тропиктік белдеулері орналасқан. Оларға шөлдердің пайда болуына әсерін тигізетін аз ылғал мен жоғары температураның болуы тән. Солтүстігінде Жер бетіндегі ең ірі — Сахара шөлі бар, оңтүстігінде — Намиб шөлі орналасқан. Құрлықтың Солтүстік және оңтүстік шеттері сәйкес субтропикалық белдеулерге жатады. ХалқыХалқы негізінен екі нәсілден тұрады: Сахарадан оңтүстікке қарай — негроидтар, солтүстік Африкада және ОАР-да — европеоидтар. Африкада 56 мемлекет бар. Олардың басым көпшілігі ұзақ уақыт бойына еуропа елдерінің колониялары болды да, тәуелсіздіктерін тек 20 ғ. 50-60 жылдары алды. Оған дейін тек тәуелсіз болған мемлекеттер — Мысыр (1922), Етиопия (1941), Либерия (1847) және ОАР (1910), бірақ ОАР-да 90 жылдарға дейін де апартеид — жергілікті қара халықты кемсіту тәртібі сақталды. Континет солтүстігінде Испанияның Сеута, Мелилья жерлері орналасқан. Таралған дәстүрлі діндері: ислам, христиандық (католиктер, протестанттар, православиеліктер, монофизиттер). Африка мемлекеттерінің шекаралары, түрлі халықтар мен тайпалардың орналасуын есепке алмастан, жазанды түрде сызылғандықтан және жалпы африка қоғамының демократияға дайын болмағандығынан, көптеген африка елдерінде тәуелсіздік орнағаннан кейін азаматтық соғыстар басталып кетті. Көптеген елдердің билігіне диктаторлар келді. Осылайша орнаған режимдер адам құқығын менсінбеумен, бюрократиямен, тоталитаризммен ерекшеленеді, бұлар өз кезегінде экономиканың құлдырауына және кедейшіліктің өсуіне әкеліп соғуда. Кең тараған тілдер араб, ағылшын, француз, суахили, конго, фулбе. Questions for article: , ?? , ?? ?, ? , , , , -, - , , ?? ??? |
This article is from Wikipedia. All text is available under the terms of the GNU Free Documentation License.
Mercedes Car
This site monitored by SitePinger.net